


Біз туралы
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Б.Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жаңалықтар
‼️Хабарландыру‼️
🖇️Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,Құрманғазы ауылы «Б.Бегалиев жалпы орта мектебі» КММ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтануға өтінімдерді “Электрондық үкіметтің” www.egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады. 🔻Қызметті қалай онлайн алуға болады❓ 1️⃣ Өтінімді толтыру және ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Өтінімге мынадай құжаттарды қоса тіркеу: ✔️өтініш ✔️өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық құжат (жек басын сәйкестендіру үшін) ✔️баланың туу туралы куәлігінің электрондық нысанда немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі; ✔️некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі; ✔️статусты растайтын құжаттың көшірмесі; ✔️мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі; ✔️мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін — көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; ✔️жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін — алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама); ✔️ отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін — қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі. ✔️ төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететiн отбасылардан шыққан балалар үшін — төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат; ✔️ білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердiң өзге де санаттарына жататын балалар үшін — отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердiң өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімі. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқада көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. 3️⃣ Қызмет көрсетудің нәтижесімен жеке кабинетте («Өтінімдер» бөлімінде) танысу. Қызмет көрсету нәтижесі Жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап Жауапты маман: А.Нұрмағанбетова 📤 nurmaganbetova_anar@mail.ru

📢»МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ! ✅Тамыздың бірінен басталатын дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы биыл да жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылғалы отыр. ✅Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. ✅Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, зерек, алғыр ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. 📢📢📢Ендеше, әрқашан игі істің басында жүретін, бала қуанышын бәрінен қымбат санайтын жомарт жандарды акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасауға шақырамыз! 📞📞📞Акцияға қатысуға ниетті жандар төмендегі телефонға хабарласа алады Әлеуметтік педагог: Нурмаганбетова Анар +77782809284

Мектеп жанындағы "Ақбота" жазғы тынығу лагеріне өтініш 2-6 сынып оқушыларынан қабылданады.
Мектепке жол акциясы
Фотогалерея
